Көрме туралы
25-ШІ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ "ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ" КӨРМЕСІ "
Сіздерді 2023 жылғы 1-3 қараша аралығында өтетін «FoodExpo Qazaqstan» – 25-ші Орта Азиялық Халықаралық «Тамақ өнеркәсібі» көрмесіне шақырамыз. Өтетін орны: Алматы қаласы, Тимирязев 42, «Атакент» көрме кешені 9, 10, 11 павильондары мен «Бақшасарай» орталық павильоны.
FoodExpo Qazaqstan – қазақстандық азық-түлік және сусындар нарығының үздік тауарлары ұсынылған ауқымды көрме. Іс-шара Қазақстаннан және Орталық Азияның басқа аймақтарынан мыңдаған келушілерді қабылдай отырып, сала өкілдерінің басты кездесу орнына айналды.
FoodExpo Qazaqstan өзін жаңа өнімдерді ілгерілету, жергілікті нарықпен танысу және өндірушілерді, дистрибьюторларды, көтерме саудагерлерді, бөлшек саудагерлерді және рестораторларды қоса алғанда, сала мамандарымен кездесулер үшін тиімді форум ретінде көрсетті.
Көрме брошюрасы 2023 2022 Көрме қорытындысын жүктеп алу Стендті брондау