«ВОКРУГ СВЕТА» КОМПАНИЯЛАР ТОБЫ «ФУД ЭКСПО ҚАЗАҚСТАН» КӨРМЕСІ АРҚЫЛЫ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ҚАТЫСУЫН КҮШЕЙТУДЕ
Еритін сусындар мен табиғи экстракттардың жетекші ресейлік өндірушісі — «Вокруг Света» компаниялар тобы 11-13 қараша аралығында өтетін «Тамақ өнеркәсібі» Орталық Азия халықаралық көрмесіне (ФУД Экспо Қазақстан) қатысады.
— «ФУД Экспо Қазақстан» көрмесіне қатысу — ынтымақтастықты нығайту жолындағы жүйелі қадам. Біз Қазақстан Республикасы және бірқатар Азия мемлекеттерінің нарығында көптеген жылдар бойы жұмыс істеп келеміз. Дилерлік желіні дамытуды және достас елдердегі қатысуымызды кеңейтуді жалғастырамыз. Өз технологияларымыз бойынша өндірілетін және шетелдерде аналогы жоқ бірегей суперфудтар мен дұрыс тамақтануға арналған өнімдер стендімізде ұсынылады. Барлық өнім жетекші әлемдік стандарттарға сәйкес қажетті сертификаттарға ие, — деді «Вокруг Света» компаниялар тобының құрылтайшысы Сергей Соколов.

«Вокруг Света» компаниялар тобы өзінің көрме стендінде «Здоровье», «Бабушкин хуторок», «Белый мишка», «Fitolain», «Borhill», «Tosside», «А.П. Селиванов» брендтерінің және басқа да сауда маркаларының өнімдерінің кең ассортиментін ұсынады. Көрме қонақтары цикорий, долана, итмұрынның табиғи экстрактілерін, какао сусындарын, кисельдерді, дәнді дақылдардан жасалған сусындарды, сублимацияланған кофені, сорпаларды, консервіленген саңырауқұлақтарды, шайды, топинамбурдың сұйық шәрбатын және түйежапырақ тамырының экстрактісін көріп, дәмін тата алады.

«Вокруг Света» өнімдері әртүрлі формада және қаптамада қолжетімді. Мысалы, Ресейдегі ең танымал «Здоровье» цикорий экстрактілерінің бірі «Вокруг Света» компаниялар тобының кәсіпорындарында сұйық, ұнтақ, сублимацияланған, түйіршіктелген және ұнтақталған түрде өндіріледі. Форматтардың әрқайсысы көрме қонақтарына ұсынылады. Өнімдердің ассортименті мен шығарылу формаларының әртүрлілігі Орталық Азия өңірі елдеріндегі өнімнің әртүрлі топтағы сатып алушыларының сұраныстарына сәйкес келеді.

«ФУД Экспо Қазақстан» көрмесіне қатысу «Вокруг Света» компаниялар тобының экспорттық стратегиясының Орталық Азияның достас елдерінің нарықтарындағы позициясын нығайту бағытын көрсетеді.
«Вокруг Света» компаниялар тобының стенді: 9-павильон, 9-188 стенді.
- -де жасалған



