Орта-Азиялық халықаралық көрме тамақ өнеркәсібі
2-4 қараша 2022
Алматы, Қазақстан

Үш күн бойы, 3-5 қараша аралығында онлайн форматта алғаш рет AgriFood Forum Qazaqstan

Үш күн бойы, 3-5 қараша аралығында онлайн форматта алғаш рет AgriFood Forum Qazaqstan сәтті түрде өтті, оның виртуалды алаңында саланың ағымдағы жағдайын талқылау, нарықтың жаңа жағдайларына сәйкес бизнесті тиімді жүргізу бойынша шешімдерді іздеу үшін мемлекеттік органдардың, салалық қауымдастықтар мен одақтардың, отандық өндірушілер мен бизнес өкілдері кездесті.

Agrifood Forum Qazaqstan жобасының аяқталу кезеңінде - нан пісірудің жаңа технологияларын талқылауға және жаңа жағдайлардағы наубайхана өндірісін оңтайландыруға арналған мамандандырылған сессия өтті. Тікелей эфирде «сұрақ-жауап» форматында нан пісіру өндірісі саласындағы сарапшылардың қатысуымен оқыту шеберлік-сабақтары, сондай-ақ Тамақ өндірісі технологтары клубының онлайн-кездесуі өтті. Нан пісіру өндірісінің технологы, BSPiK академиясының сарапшысы Сергей Земцов аудиторияны нан пісірудегі заманауи ингредиенттердің көмегімен функционалдық міндеттерді тиімді шешу, сондай-ақ мультизлак нанын илеу және пісіру технологияларымен таныстырды. Ал наубайханаларды ашу және дамыту саласындағы сарапшы Сергей Ткачев өндірісті оңтайландыру есебінен наубайханалардың пайдасын арттыру бойынша практикалық кейстермен бөлісті.

Bakery-online платформасы жаңа жағдайларға сәйкес индустрияны дамытудың ықтимал жолдарын талқылау орнына айналып, неғұрлым тиімді және перспективалы технологиялық процестер мен инновациялық шешімдерге назар аудара отырып, индустрия үшін барынша қолайлы алға жылжу векторларын белгіледі.

Дәстүрлі түрде bakery алаңы мен «Наубайханадағы технологиялар және наубайхана өндірісін оңтайландыру» сессиясының серіктесі Bspik академиясы наубайшылар мен кондитерлердің бизнес кеңесі, сондай-ақ ингредиенттерді жеткізуші «Лейпурин» ЖШС және қамыр илейтін машиналарды өндіруші «Сарапульский электрогенераторный завод» АҚ болды.

Алаңның ақпараттық серіктесі - ПроПекарни www.propekarni.com - салалық қауымдастығы.

Күннің екінші жартысында тамақтану мәдениеті және COVID-19 тақырыбына арналған Тамақ өндірісінің технологтары клубының онлайн кездесуі өтті. Салалық сарапшылар тәуекелдерді қалай азайтуға, иммунитетті нығайтуға, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар қандай болуы керек және өндіруші өзгермелі жағдайларда қалай әрекет етуі тиіс екендігін, сұхбат форматында айтып берді.

Нутрициолог Ксения Аникиенко «Дұрыс тамақтану» құпиясымен бөлісті және пандемия кезінде адамдардың тамақтану мінез-құлқының қалай өзгергенін айтты. Тамақ өндірісінің биотехнолог-инженері Дина Мұхамбетова форум аудиториясын өндірушілердің сатып алушылар қалауларының өзгеруіне бейімделуінің әлемдік тәжірибесімен таныстырып, сондай-ақ қазіргі заманғы қауіпсіз ингредиенттер мен шикізаттың белгіленген өлшемшарттары туралы айтты. Қазақ тағамтану академиясының «Нутритест» ЖШС директоры Шәріпбаева Айгүл Шәкенқызы біздерді тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қолдауға қатысты мемлекеттік шаралармен және техникалық регламенттерді әзірлеу бағдарламасымен таныстырды. «Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттер тиісті азық-түлік бақылау жүйесін құруда. Сондықтан ЕАЭО-на мүше мемлекеттерге тамақ қауіпсіздігі жөніндегі техникалық регламенттердің талаптарын сақтау бойынша бақылауға, әсіресе балалар тағамы өнімдерін өндіру және оны тіркеу рәсімін жүргізу кезінде ерекше назар аудару қажет», - деп өз ойын қорытындылады Айгүл Шәкенқызы.

Онлайн-форумның ұйымдастырушысы Iteca қазақстандық көрме компаниясы болды.

Біз барлық тыңдаушыларға біздің форумға белсенді қатысқандары және назар аударғандары үшін алғыс айтамыз!

2021 жылы көрмеде кездескенше асыға күтеміз!