FOODEXPO QAZAQSTAN 2025 ЖАҢА БЕЛЕСТЕРДІ БАҒЫНДЫРАДЫ: ҚАТЫСУШЫЛАР САНЫ 17%-ҒА АРТЫП, КӨРМЕ АЛАҢЫ БІР ПАВИЛЬОНҒА КЕҢЕЙЕДІ
2025 ЖЫЛДЫҢ 12-14 ҚАРАШАСЫ АРАЛЫҒЫНДА АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА 27-ШІ ОРТА АЗИЯЛЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНЕРКӘСІБІ» – FOODEXPO QAZAQSTAN 2025 КӨРМЕСІ ӨТЕДІ.
Бұл – Орталық Азиядағы азық-түлік саласының басты салалық шарасы. Жыл сайын нарықтың негізгі ойыншыларының назарын аударатын көрме биыл да өндірушілерді, жеткізушілерді, дистрибьюторларды және сала сарапшыларын бір алаңда біріктіреді.
Осы жылы көрмеге қатысушылар саны 17%-ға артып, шамамен 450 компания жиналады деп күтілуде. Қатысушылар қатарында Беларусь, Қырғызстан, Польша, Шри-Ланка және Оңтүстік Кореядан ұлттық топтар ұсынылады. Сондай-ақ, 20-дан астам елдің компаниялары, оның ішінде Австрия, Беларусь, Бельгия, Германия, Грузия, Италия, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Польша, Ресей, Словения, АҚШ, Түрікменстан, Түркия, Өзбекстан, Франция, Чехия, Швейцария, Шри-Ланка және Оңтүстік Корея өз қатысуын растады. Бұл көрмеге деген халықаралық қызығушылықтың жоғары деңгейін айқын көрсетеді.
FoodExpo Qazaqstan – бұл жай ғана көрме емес. Бұл тиімді B2B-нетворкингке арналған бірегей платформа, онда саланың кәсіби мамандары шешім қабылдайтын тұлғалармен кездесіп, жаңа серіктестермен байланыс орнатып, тиімді келісімшарттар жасай алады. 2024 жылдың қорытындысы бойынша экспоненттердің 65%-дан астамы іс-шара барысында келісімшарттарға қол қойғаны көрменің коммерциялық тиімділігін көрсетеді. 2024 жылы көрмені 7 391 бірегей келуші тамашалап, 383 компания экспонент атанды. Осы табысты нәтижелерді ескере отырып, биыл көрме жаңа белестерді бағындырады: алаң бір павильонға кеңейіп, елдердің қатысу саны артады, бұл өз кезегінде оны сала мамандары үшін одан да маңызды іс-шараға айналдырады.
Көрменің тиімділігін экспоненттер де, келушілер де жоғары бағалайды. 2024 жылғы сұхбаттарға сәйкес, FoodExpo Qazaqstan жаңа байланыстар орнатуға арналған маңызды платформаға айналды. «Евразиан Фудс» АҚ компаниясының бас технологы Наталья Трунова өз әсерімен бөлісті: «Мен бұл көрмеге алғаш рет келіп отырмын және өте ризамын. Біз көптеген пайдалы байланыстар орнаттық, жаңа компаниялармен танысып қана қоймай, бұрыннан серіктес болып жүргендермен де қарым-қатынасымызды жаңарттық. Бұл екі жаққа да тиімді кездесу болды: біз нарықтағы жаңалықтарды білдік, ал біздің серіктестеріміз біздің қажеттіліктерімізбен танысты.» Экспоненттер көрменің өнімдерін жергілікті және халықаралық нарықта ілгерілету әлеуетін жоғары бағалайды. Narlen.kz компаниясының коммерциялық директоры Темірхан Нұрмаханов атап өтті: «Мұндай көрмелер біздің өнімімізді Қазақстанның ішкі нарығында ғана емес, сыртқы нарықта да ілгерілетуге тамаша мүмкіндік береді. Сондықтан біз келесі жылы осы көрмеге қатысуды жоспарлап отырмыз.»
FoodExpo Qazaqstan-ның басты артықшылықтарының бірі – тамақ өнімдерін өндірудің барлық кезеңдерін толық қамтитын кешенді тәсілі. Көрме ингредиенттер мен қайта өңдеу жабдықтарын жеткізуден бастап, дайын өнім, қаптама және сату стратегияларын әзірлеуге дейінгі толық циклді көрсетеді. Қатысушылар мен қонақтар тек осы алаңда нарықтың өзекті талдауы мен болжамдарына қол жеткізіп, соңғы нормативтік өзгерістермен таныса алады, сондай-ақ Food Forum іскерлік бағдарламасы аясында инвестициялық мүмкіндіктерді зерттей алады. Food Forum – көрменің ажырамас бөлігі, ол озық идеялар мен сараптамалық білім алмасу орны ғана емес, маркетингтік тренингтер, бизнес-сессиялар және стратегиялық кездесулер өткізілетін маңызды платформа болып саналады.
Сонымен қатар, FoodExpo Qazaqstan өндірушілер мен азық-түлік өнімдері мен сусындар жеткізушілері үшін бірегей мүмкіндік ұсынады. Олар Қазақстан, Қырғызстан және Ресейдің сауда желілері мен дистрибьюторларымен Сауда желілерінің сатып алу орталығы аясында тікелей кездесе алады.
Іс-шара саланың негізгі институттары, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Алматы қаласы әкімдігі және Қазақ тамақтану академиясының қолдауымен ұйымдастырылады. Мұндай серіктестік FoodExpo Qazaqstan-ның жеке бизнес пен мемлекеттік құрылымдар үшін жоғары маңызға ие екенін көрсетеді.
FoodExpo Qazaqstan 2025 көрмесіне барлық мүдделі тараптарды шақырамыз! Бұл шара бизнестің жаңа мүмкіндіктерін ашуға, жаңа байланыстар орнатуға және тамақ өнімдері мен сусындар өндірісіндегі соңғы жетістіктермен танысуға мүмкіндік береді.
Көрменің ұйымдастырушысы – Қазақстандық ITECA көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі ICA Events компаниялар тобы.