27-ші Орта Азиялық Халықаралық «Тамақ өнеркәсібі» көрмесі

ПОЛЬШАНЫҢ АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІ — КЕРЕМЕТ САПА МЕН ДӘМ

poland tastes good 1 page 0001

Польша – Еуропалық Одақтағы азық-түлік өнімдерін өндіру және экспорттау бойынша жетекші елдердің бірі. Соңғы 20 жылда Польшаның агроазық-түлік экспортының құны шамамен он есе өсіп, 2024 жылы 53,3 млрд еуроға жетті. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 2,7%-ға және 2021 жылмен салыстырғанда 37,8%-ға жоғары.

Географиялық және табиғи жағдайлардың қолайлығы, ауыл шаруашылығы мен қайта өңдеу саласының қарқынды дамуы Польшаның агроазық-түлік өнімдері ұсынысын бай, алуан және баға жағынан бәсекеге қабілетті етеді.

Польша экспортының басты бағыттарына ет өнімдері, дәнді дақылдар мен олардан алынған өнімдер, сондай-ақ сүт өнімдері жатады. Олардың үлесі елдің жалпы агроазық-түлік экспортының шамамен 40%-ын құрайды. Бұдан бөлек, поляк өндірушілері жоғары сапалы балық өнімдерін, жеміс пен көкөніс, олардың консервілерін, мұздатылған өнім, сусындар мен тәттілерді, сондай-ақ нәресте мен балаларға арналған тағамдарды ұсынады. Органикалық шикізаттан өндірілетін өнімдердің түрлері де белсенді дамып келеді. Сондай-ақ, дайын тағамдар, тез дайындалатын өнімдер, жартылай фабрикаттар, қоспалар мен дәмдеуіштер де назар аударарлық.

Жеміс пен көкөніс

Polsha

Польша мұздатылған жемістер мен көкөністердің әлемдік жетекші өндірушілері мен экспорттаушыларының бірі болып табылады. 2024 жылы экспорттың жалпы көлемі 1 млрд еуродан асты. Польша өндірушілері мұздатылған көкөніс пен жемістердің, сондай-ақ дайын тағамның кең таңдауын ұсынады. Жоғары сапасы мен тиімді логистика шешімдерінің арқасында поляк мұздатылған өнімдері әлемнің көптеген елінде жоғары бағаланады. Польша жеміс пен көкөніс экспортының 2%-ы Қазақстанға жеткізіледі.

 Поляк жемістерінің сөзсіз көшбасшысы – алма.

Polsha2

Табиғи жағдайдың қолайлығы мен көп ғасырлық бағбан дәстүрлерінің арқасында Польша әлемдегі ең ірі алма өндіруші және экспорттаушы елдердің бірі болып табылады.
Польшаның алма бақтарының жалпы ауданы 152 мың гектарды құрайды, бұл көрсеткіш бойынша ел Еуропада бірінші орында тұр. Жыл сайын 4–5 млн тонна алма өндіріледі.
Поляк алмалары аса шырынды, қытырлақ әрі дәмі бай деп танылған көптеген сорттарымен аты шыққан. Тұрақты ауыл шаруашылық тәжірибелері мен қатаң стандарттар олардың жоғары сапасын қамтамасыз етеді. В 2024 жылы бұл жеміс әлемнің көптеген еліне экспортталды, ал Еуропа Одағынан тыс ірі тұтынушылар — Мысыр мен Қазақстан болды.
Польша алмалары жергілікті өндірушілердің ассортиментін тамаша толықтырады.

 Polsha3

 Польша шоколад пен кондитерлік өнімдерді өндіру және экспорттау бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі.

Табиғи ингредиент, жоғары сапа және ерекше дәм — олардың табысының басты сыры. 2024 жылы поляк кондитерлік өнімдерінің экспорты 4,5 млрд еуроны құрады. Өндірушілер классикалық шоколад өнімдерін ұсынады: шоколад плиткалары, шоколад кәмпиттері, жеміс пен жаңғақ қосылған шоколад, батончиктер. Сонымен қатар, веган және қолөнер шоколад өнімдерінің маңызы артып келеді. Бұдан өзге, шоколадсыз тәттілер де бар — желе, мармелад, драже мен мұз кәмпиттер.

Дән және нан-тоқаш өнімдері

Polsha4

Польшаның жазық жер бедері егін шаруашылығының дамуына қолайлы. Ел Еуропа Одағындағы жетекші дәнді дақыл мен оның өңделген өнімдерін — ұн, жарма, ботқа, макарон, нан және нан-тоқаш өнімдерін өндіруші. Дәстүрлі поляк наны өзінің дәмі, құрылымы, қытырлақ қабығы және хош иісімен бүкіл әлемге танымал.
Поляк өндірушілері бидай, қара бидай, арпа және сұлы нанын, сондай-ақ арнайы тұтынушыларға арналған диета өнімдерін (мысалы, глютенсіз нан, қытырлақ нан өнімдері) ұсынады.

Сүт өнімдері

Polsha5

Польшада сүт шаруашылығын дамытуға өте қолайлы жағдайлар бар. Шағын табындар мен табиғи жемшөп сүт пен одан алынатын өнімдердің тамаша дәмі мен жоғары тағам құндылығын қамтамасыз етеді. 2024 жылы Польшаның сүт өндірісі 15,5 млн тоннаны құрады, оның 4,8 млн тоннасы экспортталды.
Поляк сүт өнімдерінің арасында ірімшіктер мен сүзбе, сүт пен кілегей, май және айран тәрізді өнімдер кеңінен танымал. Сондай-ақ, құрғақ өнімдер — құрғақ сүт, сарысу және казеин маңызды орын алады. 2024 жылы казеин экспорты шарықтап кеткен еді (67%-ға өсіп, 2900 тоннаға жетті).

Ет өнімдері

Polsha6

Польша — Еуропалық Одақтағы ет өнімдерінің (құс еті, сиыр еті және шошқа еті) жетекші өндірушісі мен экспорттаушысы. Заманауи және экологиялық әдістерді пайдалану, жануарлардың әл-ауқатына мән беру және өндіріс кезеңдерінің барлығында мұқият бақылау өнімдердің жоғары қоректік және диеталық сапасын қамтамасыз етеді.

Polsha7

Польшада ет өндіру мен өңдеуде сапаға ерекше назар аударылады. Бұл мақсатта қолданыста мынадай ұлттық сапа жүйелері бар: шошқа және құс еті үшін — Quality Assurance of Food Products (QAFP), ал сиыр еті үшін — Quality Meat Programme (QMP). Бұл жүйелер өндірістің барлық кезеңдерін қамтиды — мал өсіруден бастап дайын өнімге дейін.

Бұл — премиум-класс өнім іздейтін ең талапшыл сатып алушыларға арналған ұсыныс.

Органикалық өнімдер және суперфудтар

Polsha8

Польшаның еттен бастап кондитерлік өнімдерге дейінгі барлық азық-түлік саласында органикалық өнімдердің кең таңдауы бар. Бар өнім Еуропа Одағы талаптарына сәйкес сертификатталған.

Polsha9

Сондай-ақ, «суперфуд» санатына жататын қоректік заттарға бай жидектер (мысалы, арония), түрлі жарма және ашытылған тағам сынды өнімдер де назар аударуға тұрарлық. Поляк өндірушілерінің ассортиментінде микроэлемент пен дәруменге байытылған функционалды тағамдар да бар, олар адамның денсаулығына оң әсер етеді.

Қазақстан – Польшаның Орта Азиядағы ең ірі сауда серіктесі. 2024 жылы Қазақстанға жеткізілген Польша агроазық-түлік экспортының құны шамамен 123 млн еуроны құрап, өткен жылмен салыстырғанда 19%-ға өсті.

Біз қазақстандық кәсіпкерлерді поляк серіктестерімен сауда қатынастарын орнатуға және нығайтуға шақырамыз.

Polsha10

 FOODEXPO QAZAQSTAN 2025 көрмесінде поляк өнімдерімен танысыңыз
2025 жылдың 12–14 қарашасы аралығында Алматы қаласында өтетін FOODEXPO QAZAQSTAN 2025 көрмесінде «Poland tastes good» ұлттық стендіне шақырамыз (көрме орталығы «Атакент», 11-павильон, 11-369 және 11-360 стендтері).

  • -де жасалған