ВЕРХНЕДВИНСК МАЙ-ІРІМШІК ЗАУЫТЫ – ТАНЫМАЛ ІРІМШІК ӨНДІРУШІЛЕР
Бүгінгі таңда «Верхнедвинский май-ірімшік зауыты» ашық акционерлік қоғам – бай тарихы, даңқы мен жарқын болашағы бап көпсалалы, заманауи кәсіпорын. Кәсіпорын қаржылық жағдайын тұрақты сақтап, жоғары сапалы өнім шығарып, 1932 жылдан бері келе жатқан игі дәстүрлерін жалғастырып келеді.
Компанияның қарқынды өсуі мен дамуы 2009 жылы басталған, ол кезде күніне 180 тонна сүт өңдеуге мүмкіндік беретін заманауи австриялық жабдық іске қосылған еді. 2017 жылы өндіріс қуаты күніне 240 тонна сүтке дейін арттырылды.
Кәсіпорынның негізгі мамандану бағыты – ірімшік өндіру болып табылады, оның жалпы өндірістегі үлесі 80%-ды құрайды. Қазіргі уақытта өндірісте 30-дан астам ірімшік түрі бар. Бүгінде кәсіпорын өндіретін ірімшіктердің шамамен 80%-ы еуропалық рецептер бойынша дайындалатын элиталық ірімшік санатына жатады. Бірақ «еуропа» ірімшіктерінің арасында «Маасдам» сөзсіз көшбасшы: зауытта оны айына 450–500 тоннадан астам шығарады — бұл барлық элиталық ірімшіктердің шамамен 60%-ын құрайды. Жалпы жылына Беларусь Республикасында шамамен 12,2 мың тонна «Маасдам» өндіріледі. Оның 5,2 мың тоннасы – Верхнедвинский май-ірімшік зауытына тиесілі. Тағы бір үштен бір бөлігін пармезан алады, ал шамамен 10%-ы «Бабына келген Пармезан», «Гоюс», «Джюгас», «Эмменталь», «Чеддер», «Монарх», «Асьяго», «Pesto» крафт ірімшігі және итальяндық ақ трюфель қосылған эксклюзивті жаңа «Tartufo» ірімшігі сияқты сұрыптардың шағын партиялары құрайды. Бұл элиталық ірімшіктерді дәмін тату үшін Еуропаға барудың қажеті жоқ. Дүкендерде оларды «Альгерд» (элиталық ірімшіктер), «Ян Сыродел» (классикалық ірімшіктер), «Верхний луг» (жұмсақ ірімшіктер), «Ульянка» (қаймақ майы) брендтерімен кездестіруге болады.
Қазақстанның Алматы қаласында өтетін «FoodExpo Qazaqstan» Орта Азия халықаралық көрмесі кезінде біз өзіміздің ең танымал ірімшіктерімізді бен сатып алушы сүйіспеншілігіне ие болған жаңалықтарды ұсынамыз.
Бұл – еуропалық технология бойынша жасалған «ДЖЮГАС» элиталық ірімшігі. Верхнедвинский май-ірімшік зауыты – оны өндіретін Беларусьтегі жалғыз кәсіпорын. Ірімшіктің консерванты жоқ, қатты, үгітілген келеді, шамамен бір жыл бойы жетіледі. Текстурасы мен хош иісі үшін оны «Пармезанның» туысы деп атап кеткен.
Біздің бас тауарымыз әрі мақтанышымыз – үлкен тесіктері бар «МААСДАМ» элиталық ірімшігі. Ол кілегей дәмі мен жаңғақ ноталары және мінсіз тесіктерімен ерекше келеді. Верхнедвинский май-ірімшік зауытында Беларусьтегі «Маасдам» ірімшігінің ең үлкен өндіріс көлемі – жылына 5 мың тоннадан астам. Бұл ірімшіктің үлкен бөлігі экспортқа шығады.
«ГАУДА» ірімшігі және жаңалық болған 3 жастан асқан балаларға арнаулы «ГАУДА балалар» ірімшігі. Консервант пен бояғышы жоқ, балаларын дұрыс тамақтандыруға мән беретін ата-ана үшін мінсіз таңдау – осы.
Құрамында пайдалы ашытқы дақылдары бар. Ірімшіктің дәмі жұмсақ, сүтті әрі тәтті келеді. Кальций, ақуыз (еттен де көп), A, B, D, PP, E витаминдері, фосфор және минералдарға бай.
Орауы жарқын, дәмі керемет, балаларға ірімшік ұнары сөзсіз.
Жеке рецептура бойынша әзірленген «PESTO» желісіндегі ерітілген ірімшік.
4 түр – 4 есте қалар дәм.
1. «DIABLO» дәмдеуіштері (қызыл паприка, чили) қосылған «Pesto» ерітілген ірімшігі.
2. «PEASANT» дәмдеуіштері (сәбіз, сарымсақ, пияз, қара қыша, қызыл паприка, ақ қыша, кориандр) қосылған «Pesto» ерітілген ірімшігі.
3. «LEMON PEPPER» дәмдеуіштері (тұз, қара бұрыш, сарымсақ, пияз, лимон қышқылы, қант, лимон қабығы, куркумин) қосылған «Pesto» ерітілген ірімшігі
4. «Pastrami» дәмдеуіштері (қара бұрыш, ақ бұрыш, сарымсақ, кориандр, паприка) қосылған «Pesto» ерітілген ірімшігі.
Бұл өнім ерекше нәрсе іздейтіндер немесе қонақтарды мерекелік дастарқанда таңғалдырғысы келетіндер үшін арналған. «Дәм чемпионаты» байқауында жоғары сапа мен керемет дәм үшін марапатқа ие болған.
Гурмандарға арналған жаңалық – ақ трюфель қосылған «ТАРТУФО» ірімшігі. Жартылай қатты дәмді ірімшік пен итальяндық ақ трюфельдің хош иісі мен бай татымының үйлесімі.
Нәтижесінде нәзік хош иіс, кілегейлі жұмсақ дәм, жаңғақ, мускус және нәзік гүл ноталары байқалады.
Дегустацияда қош көрдік!
- -де жасалған