«МАРЕВЕН ФУД ТЯНЬ-ШАНЬ» ЖШС - ТАМАҚ ӨНІМДЕРІНІҢ КЕҢ АССОРТИМЕНТІН ӘЗІРЛЕУГЕ, ӨНДІРУГЕ ЖӘНЕ ЖАРНАМАЛАУҒА МАМАНДАНҒАН.

"Маревен Фуд Тянь-Шань" ЖШС - азық-түліктің кең ассортиментін әзірлеуге, өндіруге және жарнамалауға маманданған FMCG халықаралық сауда-өндіріс компаниясы.
Компания тез пісетін кеспе, тез пісетін картоп езбесі, дәстүрлі макарон мен сорпа, дәмдеуіш, сусыма қоспа, консерві, лимонад, мұздатылған шай, энергетикалық сусын, тағам шығарып сатады. Компания Rollton, BIGBON, ROLROL, Sunbel, Abben, Boncha сияқты брендтермен барлығы 124 өнім түрін (SKU) шығарады.
Көрмеде компания өндіретін және сататын тауарлардың барлық санаты ұсынылады.
Rollton күні қарқынды жүретін, ал асын ыстық тамақсыз іше алмайтын адамдарға дәмді және жылдам тағамның алуан түрін ұсынады!
BIGBON - сүйікті ет дәмінің дара да ерекше тұздықпен үйлесімі. BIGBON кеспесі жапонның жылдам қуыру технологиясына сәйкес жасалған. BIGBON тұздығының ерекше тіл үйірер үйлесімі жаңа әсер іздеушілерді қапы қалдырмас.
Tien Shan - Корея, Жапония, Вьетнам, Қытай, Филиппин, Үндістан, Малайзия, Тайланд, Сингапур сынды Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің аспаздық дәстүрлерін араластыратын паназия тағамдарының бай гастрономиялық әсерін беретін BIGBON премиум желісі.
Abben. Алуан жағдайға сай түрлі кофеин мөлшері бар энергетикалық сусындар. Қуатыңды ретте!
Sunbel - ыстық тропика жазы, мұхит самалы, ақ құмды жағажай, күн сәулесі және ұзақ сапарлардан жаңа әсерді қуана күте келген шабыттың лимонады!
ROLROL снэктері - нарықта теңдесі жоқ инновациялық өнім. Қытырлақ вермишель тіскебасарының тартымды нұсқасы.
Сондай ақ көрмеде компания жаңа өнімдерін ұсынады:
Boncha мұздатылған шайы,
Rollton отты жылдам кеспесі - "Оттай ащы чили" тұздығымен бірге келеді
Кочучжан және якисоба тұздықтары қосылған BIGBON WOK жылдам кеспесі
BIGBON брендінің ірімшік және КИМЧИ дәмдері бар рамендері
Қалбырға құйылған Sunbel лимонады
Кофеин деңгейі әртүрлі ABBEN энергетикалық сусыны



- -де жасалған



