«ШЫМКЕНТМАЙ» АҚ-МАЙ ТҰҚЫМЫН ҚАЙТА ӨҢДЕУ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУ

«Шымкентмай» АҚ - Қазақстанның май тұқымын өңдеу және тамақ өнімдерін өндіру саласындағы ірі кәсіпорындарының бірі. Компания тарихын 1942 жылы бастап, 80 жылдан астам уақыт бойы нарықтағы орнын нық ұстап келді.
Күнбағыс майы. Шығыс Қазақстан облысының күн шуақты алқаптарында піскен сапалы тұқымнан өндірілді.

Сипаттамасы:
5 дәрежелі тазалаудан өткен қалдықсыз технология бойынша өндірілді. Түсі алтын сары; дәмі жұмсақ бейтарап.
Күнбағыс майының химиялық құрамына мыналар кіреді :
Е дәрумені (токоферолдар), омега-6 (линол қышқылы) 55-65% дейін, Омега -9 (олеин қышқылы) 25-35% дейін, қаныққан май қышқылдары 10-12% дейін.
Пайдалы қасиеттері:
Тері мен қан тамырларының денсаулығын қолдайды, иммунитетті арттырады, ағзадағы метаболизмге жағымды әсер етеді, қуыруға және салаттарға қолайлы.
Күнбағыс күнжарасы – күнбағыс майы өндірісінің өнімі.
Түсі: қара қоңыр
Иісі: күнбағысқа тән иіс
Ақуыз мөлшері: кем дегенде 28%
Жасұнық: 27%-дан аспайды
Май (қалдық): 1%-ға дейін
Пайдалы қасиеттері:
Толық өсімдік ақуызы мен аминқышқылдарына бай. Құрамында В , Е дәрумендері, фосфолипидтер, минералдар (Са, Р, Mg) бар. Мал және құс шаруашылығында қолданылады. Жануарлардың метаболизмі мен ішек жұмысын жақсартады. Ол жемде ақуыз көзі ретінде қолданылады.
Мақта майы. Түркістан облысының күн шуақты алқаптарында піскен, 4 дәрежелі тазартудан өткізілген сапалы тұқымнан қалдықсыз технология бойынша өндіріледі.

Сипаттамасы:
Түсі-алтын қоңыр; дәмі - сәл тәтті, ауыз қуырар келеді. Құрамында қаныққан май қышқылдары көп, сол үшін ол ас қуыруға жақсы.
Химиялық құрамына мыналар кіреді:
Құрамында фитостеролдар мен антиоксиданттар(токоферолдар мен сквален), Омега -9 (20-25% дейін), Омега -6 (50-55% дейін), орташа мөлшерде Е дәрумені (альфа токоферол) бар.
Пайдалы қасиеттері:
"Жаман" холестерин деңгейін төмендетеді, қан тамырларының серпімділігін сақтайды, антиоксиданттық қасиеттерге ие.
Мақта күнжарасы - мақта тұқымынан май алынғаннан кейінгі қалдық.
Түсі: күрең-қоңыр
Иісі: мақтаға тән иіс
Ақуыз мөлшері-43%
Жасұнық: 14%-дан аспайды
Май (қалдық): 1%-ға дейін
Құрамында калий, фосфор, темір, марганец бар. Мал шаруашылығында қолданылады. Жануарлардың өсуін және сүт өнімділігін жақсартады.
Мақсары майы, сипаттамалары :
Түсі-ашық сары, мөлдір; дәмі-жұмсақ, иіссіз; оралған сақтау мерзімі-24 ай
Химиялық құрамына мыналар кіреді:
Омега - 6 (70-80%), Омега-9 (10-15%), Е дәрумені көп, құрамында қаныққан май жоқ.
Пайдалы қасиеттері:
Холестеринді төмендетуге көмектеседі, метаболизмді және терінің күйін жақсартады, диетада қолданылады, тазартылмағаны салатқа қосуға жақсы, ал тазартылғаны қуыруға жарайды.
құрамының арқасында қуыруға және салатқа қосуға жарамды.
Мақсары күнжарасы - мақсары тұқымын өңдеудің өнімі.
Түсі: сұрлау-қоңыр
Иісі: күнбағысға тән иіс
Ақуыз мөлшері: кем дегенде 18%
Жасұнық: 36%-дан артық емес
Май (қалдық): 1%-ға дейін
Пайдалы қасиеттері:
Ақуыз және аминқышқыл көзі. Антиоксиданттарға бай (қалдық токоферолдар, флавоноидтар). Күйіс қайыратын жануарлардың ас қорытуын жақсартады. Энергетикалық құндылығын арттыру қоспасы ретінде құрама жемдерге салынады.
Майонездер мен майонез тұздықтары өнімнің майлылығына, тағам хош иістендіргіштеріне, оның құрамындағы қоспаларға және сапа көрсеткіштеріне байланысты келесі түрлерге, сұрып пен маркаларға бөлінеді:

• «Игра вкуса» (Дәм ойыны) маркасының "Маэстро" түрі – таза салмағы 150г; 190г; 380г doy pack-ке (түбі бар пластик пакет), және 800г пластик майонез шелектеріне құйылған 67% майонез.
• «Игра вкуса» маркасының таза салмағы 150 г; 190г; 380г doy pack-ке (түбі бар пластик пакет) және 800 г пластик майонез шелектеріне құйылған 57% классикалық майонезі
• «Игра вкуса» салатқа арналған саңырауқұлақ тұздығы. Тағамдарға арналған дәмдеуіш
• «Игра вкуса» салатқа арналған аскөк-қияр тұздығы. Тағамдарға арналған дәмдеуіш
• «Игра вкуса» салатқа арналған сарымсақ тұздығы. Тағамдарға арналған дәмдеуіш
• «Игра вкуса» салатқа арналған кілегей тұздығы. Тағамдарға арналған дәмдеуіш
• «Игра вкуса» цезарь салатына арналған тұздық. Тағамдарға арналған Doy pack-ке (түбі бар пластик пакет) құюлы дәмдеуіш.
Өндірілетін өнімнің сипаттамасы.
Майонез: Майдаланған біртекті эмульсиялы өнім, құрамындағы май мөлшері кемінде 50%. Ол тазартылған және иіссіздендірілген өсімдік майларынан, судан, сүт өнімдері мен тағамдық қоспалар және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі рұқсат еткен басқа да ингредиенттер қосылып немесе қоспай дайындалады.
Майонез тұздығы: Майдаланған эмульсиялы өнім, құрамындағы май мөлшері кемінде 15%. Ол тазартылған және иіссіздендірілген өсімдік майларынан, судан, сүт өнімдері мен тағамдық қоспалар және басқа да тағамдық ингредиенттер қосылып немесе қоспай дайындалады.
Майонездер мен майонез тұздықтары тағамдардың дәмін және сіңімділігін арттыру үшін, сондай-ақ түрлі тағамдар мен кондитерлік өнімдерді дайындауда қолданылады.
Біздің майонез — таңдаулы өсімдік майларынан, табиғи қоспалар мен мұқият таңдалған дәмдеуіштер мен рецепттер арқылы дайындалған өнім. Барқыттай құрылымы мен бай дәмі — сапа мен дәм үйлесімінің көрінісі.
Классикалық 65% және 72% май қышқылдары бар, 72% «Freshko» кір сабыны.

Артықшылықтары
Табиғи құрамы, әмбебаптығы, антисептик әсері, сезімтал тері қауіпсіздігі, жақсы баға.
Кәсіпорнымыз ассортиментте сабынның шамамен 14-17 түрін және салмағын шығарады.
Ойығы бар кесек сабын: 130, 150, 170, 200, 220, 300, 330 грамм.
Ойықсыз кесек сабын: 200, 240, 250, 280, 300, 320, 330 грамм.

- -де жасалған



