"ДЕП" ЖШС – 25 ЖЫЛДАН АСТАМ ЖҰМЫС ТӘЖІРИБЕСІ БАР СҮТ ӨНІМДЕРІНІҢ ТҰРАҚТЫ ЖӘНЕ СЕНІМДІ ӨНДІРУШІСІ.

Компания тұтынушыға сапа мен қауіпсіздіктің жоғары талабына сәйкес келетін өнімдерді ұсына отырып, Қазақстан мен ТМД елдері нарығында сенімді орын алады.
Сапа менеджменті жүйесі ҚР СТ ISO 9001-2016 (ISO 9001:2015), ал тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі жүйесі ҚР СТ ISO 22000-2019 (ISO 22000:2018) бойынша сертификатталған.
Көрмеде ұсынылған өнім сұрыптамасы:
• Сүт, қаймақ, сүзбе, айран, майлы айран, йогурт – дәстүрлі дәмі мен пайдасын сақтайтын табиғи шикізаттан жасалған өнімдер.
• Қойытылған сүт - компанияның флагманы және нарық көшбасшыларының бірі. Оны тұрақты сапасы, табиғи құрамы және тұтынушының үзілмес жоғары сенімі ерекше етеді.
• Балмұздақ – нәзік құрылым мен қанық дәмді біріктіретін, сыннан өткен рецепт бойынша жасалған классикалық дәмдердің алуан түрлі желісі.

Жаңа: ДЕП Түрік Айраны
Бастапқы рецепт бойынша жасалған жаңа ашытылған сүт сусыны. Айранның дәмі сергіткіш ал консистенциясы жұмсақ келеді. Ол ас қорытуды жақсартады және күнделікті тұтынуға өте ыңғайлы.

"ДЕП" ЖШС миссиясы - тұтынушының күтілетін қанағаттану дәрежесін ескере отырып, экологиялық таза, сапалы және қауіпсіз сүт өнімдерін өндіру.
Ынтымақтастыққа шақырамыз!
Біз сенімді жеткізілім мен ұзақ мерзімді қарым-қатынасты дамытуға мүдделі серіктес, дистрибьютор және сауда желілерін қуана қарсы алуға дайынбыз.
- -де жасалған



